427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейжің билігі COVID-19 дертімен күрес шараларын күшейтті

  • 113
  • UPD: 18:45, 15.10.2020
Бейжің билігі COVID-19 дертімен күрес шараларын күшейтті

Бұл ел шығысындағы Циндао қаласында індеттің өршуіне байланысты болып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазан айының басында жалпыұлттық күз мейрамы атап өтілді. Бір аптаның ішінде ел тұрғындары 637 миллион сапар жасаған. Сол себептен билік Циндаоға барған қала тұрғындарын дереу тест тапсыруға шақырды. Сондай-ақ әзірше шетелге шықпауға кеңес берді. Ал Бейжіңге өзге елдерден келгендер үш мәрте – бірінші рет ұшаққа мінер алдында, екінші рет әуежайға ұшып келгенде, ал соңғы рет 14 күндік карантиннің аяқталуына екі күн қалғанда тест тапсыруы тиіс. Сондай-ақ қала әуежайлары күніне тек 500 жолаушы қабылдай алады. Қазіргі кезде Қытай ауруханаларында коронавирусты шетелде жұқтырған 227 науқас емделіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы