428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда парламент спикері Президенттің міндетін атқарудан бас тартты

  • 70
  • UPD: 23:55, 15.10.2020
Қырғызстанда парламент спикері Президенттің міндетін атқарудан бас тартты

Қырғызстанда парламент спикері Канат Исаев президенттің міндетін уақытша атқару қызметінен бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол мұндай шешімді елдегі саяси ахуалға байланысты қабылдаған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Кей ақпарға қарағанда, ел Премьер-министрі Садыр Жапаров Бішкектегі ескі алаңда шерушілермен кездесіп, оған үкіметті басқарумен қатар президенттің міндеттерін атқару да жүктелгенін мәлімдеген.

Айта кетейік, Бүгін Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі ахуалға байланысты қызметінен бас тартып, оставкаға кетті. Ол мұндай қадамға елде қақтығысты болдырмас үшін барғанын айтты.

Хабар 24 телеарнасы