428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда карантин шаралары күшейтілді

  • 53
  • UPD: 08:34, 16.10.2020

Ұлыбритания астанасында коронавирусты жұқтырғандар санының өсуіне байланысты карантин қатаңдатылды.

Бүгіннен бастап Лондонда шектеудің екінші деңгейі енгізілді. Жаңа тәртіпке сай бір үйде тұрмайтын адамдардың кездесуіне тыйым салынады. Ал көшеде 6 адамнан артық жиналуға болмайды. Билік қоғамдық көліктердің орнына велосипед, электросамокатты пайдалануға кеңес береді. Және қажеттілік болмаса алыс сапарға аттанудан бас тартуға шақырды. Айта кетейік, Ұлыбританияда коронавирусты жұқтырғандар саны 640 мыңнан асқан.

Хабар 24 телеарнасы