428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда коронавируске байланысты жағдай күрделеніп барады

  • 80
  • UPD: 08:14, 16.10.2020
Испанияда коронавируске байланысты жағдай күрделеніп барады

Испания астанасында коронавирустың өршуімен жағдай күрделене түсті. Мадрид ауруханаларында науқастардың қарасы көбейген.

Бірақ билік ауыр халде жеткізілген адамдардың саны көктемгі кезден әлдеқайда төмен екенін айтады. Денсаулық сақтау министрі Сальвадор Илла шектеу шаралары шаһардағы жағдайды тұрақтандыруға көмектесуі тиіс деп отыр. Тұрғындар да «шектеулерді қатаңдатпай мәселені өзге жолмен шешу керек» дейді. Испанияда коронавирусты жұқтырғандар саны 900 мыңнан асқан.

Хавьер Мойано, Мадрид тұрғыны:

- Менің ойымша, індеттің таралуын тоқтату үшін адамдардың жиналуын бақылап, олардың әлеуметтік арақаштықтықты сақтауын қадағалау қажет. Бастысы, маска тағу мен арақашықты сақтау деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы