427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Меркель: Келесі локдаун экономикаға ауыр тиеді

  • 86
  • UPD: 08:21, 16.10.2020
Меркель: Келесі локдаун экономикаға ауыр тиеді

Германия экономикасы тағы бір қатаң карантинге төзе алмауы мүмкін. Індет қайта кеңінен таралмас үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет.

Германия канцлері Ангела Меркель аймақ басшыларымен кездесуден кейін осылай деп мәлімдеді.

Айтуынша, Германия қазір қиын кезеңді бастан кешуде. Індеттен туындаған дағдарысты еңсеру үшін экономикаға жүздеген миллиард еуро бөлініп, мемлекет қарызы артқан. Сондықтан азаматтарды шектеулерді сақтауға шақырды. Германияда вирусты жұқтырғандар саны 335 мыңнан асқан. Соңғы уақытта күн сайын 5 мыңнан аса адамнан вирус анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы