427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен карантинге кетті

  • 54
  • UPD: 10:52, 16.10.2020

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен тағы да карантинге кетті. Ол коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған.

Осыған байланысты саясаткер Брюссельдегі Еуроодақ саммитінен шұғыл кетіп қалған.

Фон дер Ляйеннің айтуынша, қауіпті инфекция өзінің аппаратында қызмет ететін азаматтан анықталыпты.

Айта кетейік, танымал саясаткер қазанның басында да өзін өзі оқшаулаған еді. Сондықтан ол Украина – Еуроодақ саммитіне қатыса алмады. Оны Еуроодақтың бас өкілі Жозеп Боррель алмастырған болатын. Жалпы Бельгияның санитарлық ережелеріне сәйкес, коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар кемінде бір апта оқшауда қалуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы