428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та президенттік сайлау таяп келеді

  • 74
  • UPD: 18:06, 16.10.2020

АҚШ-тағы президенттік сайлауға 20 күндей уақыт қалды. Ал елде эпидемиологиялық жағдай болса ушығып барады. Мысалы, АҚШ-тың 35 штатында қазір вирусты жұқтырғандардың саны артуда. Жалпы пандемия биылғы сайлауалды науқанға айтарлықтай әсер еткені белгілі. Бір ғана мысал: сақтық шараларына байланысты бүгін өтуі тиіс болған Президенттік пікір сайыс өткізілмейтін болды. 

Талғат Аман, тілші:

- Дональд Трамп пен Джо Байденнің арасындағы Президенттік пікірсайыстың екінші кезеңі бүгін өткен жоқ. О баста Трамптың вирусты жұқтыруына байланысты Президенттік Пікірсайыс Комиссиясы екінші раундты онлайн режимде өткізуді ұсынды. Алайда Ақ үй басшысы мұндай шартқа келіскен жоқ. Нәтижесінде дәстүрлі пікір сайыстың орнына біз бүгін Трамп пен Байденнің екі түрлі бәсекелес телеарналарда болған Town Hall кездесулерін тамашаладық. Олар тікелей эфирде Америкалықтардың пандемияға, денсаулық сақтауға, жұмыссыздық пен экономикалық дағдарысқа қатысты сұрақтарына жауап беруге тырысты. Сол көрсетілімнен алынған үзіндіге назар аударайық. 

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Мен шекараны ерте жаптым. Еуропадағы жағдайдан кейін бірден жаптым. Доктор Фаучи мен өзге де ғалымдар айтқаннан әлдеқайда бұрын жаптым. Біздің жағдайымыз жақсы.

Джо Байден, президентікке үміткер:

- Пандемия басталғанда мен Трампқа ескерткен едім. Елдегі жағдай нашар дедім. Бірақ шекараны жауып сақтық шараларын жасаудың орнына ол «американдықтар паника жасайды» деп айтты. Сол себепті де ақиқатты жасырды, керек шараларды қабылдаған жоқ. Егер дер кезінде сақтық шараларын жасағанда қазіргідей жағдай болмайтын еді.

Айта кету керек, осы аптадан бастап Кентуки, Луизиана, Солтүстік Каролина және Теннеси сияқты өзге де штаттарда дауыс беру ерте басталып кетті. Бұл процесс пандемия уақытында жүріп жатқандықтан дауыс беру әдеттегіден ұзақ уақыт алуда. Дегенмен бұл қиындықтар сайлаушыларды тоқтатар емес. Мәселен, Джорджияда дауыс берудің алғашқы күнінде 130 мыңнан астам адам жиналса, жалпы АҚШ бойынша 16 млн астам америкалық өз таңдауын жасап үлгеріпті. Солардың біріне сөз берсек. 

Дауыс беруші:

- Мен дауыс беру үшін бүгін 5 сағат бойы кезекте тұрдым. Бірақ оған еш өкінбеймін. Ең бастысы менің дауысым есептелді деп ойлаймын. Оның үстіне 3 қарашада адам көп болады. Сол үшін алдын ала даус беруді жөн көрдім. Бұл өте маңызды сәт.

Бір қызығы, республикалық штат саналатын Джорджияның өзінде халықтық сауалнама бойынша Байден Трампмтан 7 пайызға алда келеді екен. Дегенмен poll-дар бойынша алда келу немесе халықтың басым бөлігінің дауысын жинау жеңіске жетуге кепілдік бермейді. Себебі АҚШ-тағы сайлау жүйесі, ережесі электоралды колледж бойынша жүргізіледі. Яғни келесі Президенттің кім боларын әр штаттың атынан шығатын өкілдер анықтайды. Сондықтан 2016 жылғы сайлаудағыдай өзгеріп кетуі бек мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы