427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль парламенті БАӘ-мен бейбіт келісімді мақұлдады

  • 65
  • UPD: 12:16, 16.10.2020
Израиль парламенті БАӘ-мен бейбіт келісімді мақұлдады

Израиль парламенті Біріккен Араб Әмірліктерімен бейбіт келісім орнатуды мақұлдады.

Дауыс беру кезінде Кнессет депутаттарының 80-і келісімді жақтаса, 13-і қарсы болған. Енді аталған құжатты ратификациялау үшін ол ел үкіметіне жіберіледі.

Израиль премьер-министрі  Беньямин Нетаньяхудың айтуынша, бұл достық келісім. Және ол Израиль экономикасына үлкен өзгеріс әкелуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы