428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда бір тәулікте вирустан 400-ге жуық адам көз жұмды

  • 78
  • UPD: 15:17, 16.10.2020

Иранда коронавирус төңірегіндегі эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады.

Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, елде бір тәулік ішінде 400-дей адам қайтыс болып, 5 мыңнан аса азамат инфекцияға шалдыққан. Науқастардың көптігі сонша Тегеран ауруханаларында бос орын жоқ. Індетпен күреске әскерилер тартылып жатыр. Бұдан бөлек инфекция кеңінен етек жайған 5 қалаға баруға шектеу қойылды. 

Мұхадесех Кәрім, Тегеран қаласының тұрғыны:

- Елдегі жағдай жақсарады деп ойламаймын. Керісінше күн өткен сайын ахуал нашарлап барады. Тұрғындар тәртіпке бағынбайды. Сондықтан айыппұл салу арқылы ғана жағдайды жақсартуға болатын секілді.

Хабар 24 телеарнасы