430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Циндаода вирустың қайдан пайда болғаны анықталды

  • 90
  • UPD: 14:13, 16.10.2020
Циндаода вирустың қайдан пайда болғаны анықталды

Қытайдың шығысында орналасқан Циндао қаласында коронавирустың пайда болу себебі анықталды. Жұғу дезинфекцияның дұрыс жасалмауынан болған.

Нақтырақ айтсақ, бір пациент кеуде қуысы аурулары емханасына келіп, компьютерлік томографиядан өтеді. Ал одан бұрын дәл осы құрылғыда ковид-19-ға шалдыққандар тексеріліпті. Өйткені осы мекеме сырттан вирус жұқтырып келгендерді емдеу орыны болып бекітілген. Сөйтіп, аталған пациент коронавирус жұқтырған. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін Циндаода үш адамның вирус жұқтырғаны анықталған еді. Осыған байланысты билік өкілдері тұрғындарды жаппай тестілеуден өткізді. Бүгінге дейін 10 миллионнан астам тест алынып,  9 миллиондайы талдаудан өткен. Бұдан бөлек Денсаулық сақтау жөніндегі қалалық комитеттің жетекшісі жұмысынан шеттетілді. Кеуде қуысы аурулары емханасының бас дәрігері де қызметінен кетті.

Айта кетейік, бүгінде Циндаода 11 миллион азамат өмір сүреді. Солардың 13-інен коронавирус анықталып отыр.

Хабар 24 телеарнасы