432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израиль халқы талапты орындамаған жағдайда карантин қайта енгізіледі

  • 90
Израиль халқы талапты орындамаған жағдайда карантин қайта енгізіледі

Израиль тұрғындары шектеу талаптарын орындамаса, елде үшінші рет карантиндік шаралар қабылдануы мүмкін.

Бұл туралы Израиль премьер-министрі  Биньямин Нетаньяху ескертті.

Айта кетейік, осы сейсенбіде үкімет карантин шараларын жеңілдету туралы шешім қабылдаған болатын. Оған сай алты жасқа дейінгі балалар қайтадан мектепке барады. Сонымен қатар бірқатар жекеменшік кәсіпорын да жұмысын жандандырады.

Естеріңізде болса, Израильде жалпыұлттық карантин 18 қыркүйекте енгізілген еді. Соның арқасында бір күндік өсім 9 мыңнан 2 мыңға дейін төмендеген.

Хабар 24 телеарнасы