432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мадридте төрт жұлдызды қонақүй ауруханаға айналды

  • 103
  • UPD: 16:08, 16.10.2020
Мадридте төрт жұлдызды қонақүй ауруханаға айналды

Мадридте төрт жұлдызды қонақүй коронавирус жұқтырғандарды қабылдауға арналған ауруханаға айналды. Оған тек ауру белгілері жеңіл азаматтар жатқызылады.

Жалпы бұл Испания астанасында аурухана ретінде жабдықталған жалғыз қонақүй емес. Коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу мақсатында Мадридтегі қонақ үй бизнесі қауымдастығының өкілдері бас-аяғы 40 мейманхананы ұсынған.

Айта кетейік, қазір Испанияда эпидемиологиялық ахуал мәз емес. Науқастардың көптігіне байланысты медициналық мекемелерде орын тапшы. Індет басталғалы бері елде 900 мыңнан астам адамнан ковид-19 анықталған. 33 мыңдай кісі қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы