429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Куба үкіметі саяхатшыларға арналған ережелерін өзгертті

  • 62
  • UPD: 10:31, 17.10.2020
Куба үкіметі саяхатшыларға арналған ережелерін өзгертті

Куба үкіметі туристердің елге келіп, тұру ережелерін өзгертті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді шетелдіктер денсаулығы жөнінде арнайы құжатты толтыруға тиіс. Ал аралға ұшып келгеннен кейін дене қызуын өлшеп, коронавирусқа тегін тестілеуден өтеді. Оның нәтижесі бір тәулік ішінде белгілі болады. Сондай-ақ сақтандыру полисі болмаса, әуежайда жергілікті полисті 30 долларға сатып алуға тиіс. Әр мейманханада қонақтардың денсаулығын бақылайтын мамандар болады. Егер тест вирусты анықтаса, науқасты ауруханаға жатқызады, ал туыстарын отель аумағындағы арнайы аймақта оқшауландырады. Мейманхана ішінде бетпердесіз жүруіне болады, алайда қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын сақтауы керек.

Хабар 24 телеарнасы