428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде 17 мұражай мен археологиялық ескерткіш қайта ашылды

  • 42
  • UPD: 10:54, 17.10.2020

Бұл нысандар коронавирус індетіне байланысты 7 ай бойы жұмыс істеген жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы бұл елде инктер дәуірінен қалған тарихи ескерткіштер көп. Арасында ең әйгілісі – биік тауда орналасқан Мачу-Пикчу қамалы. Жыл сайын инктердің бұл ежелгі қаласын көруге бір жарым миллион турист келетін. Алайда бұл нысан қашан ашылатыны әзірше белгісіз.

Еске салып кетсек, жақында Перу билігі Жапониядан келген жалғыз туристке Мачу-Пикчуге кіруге рұқсат берген. 26 жастағы Джесси Такаяма осы ескерткішті өз көзімен көру үшін наурыз айында елге келген болатын. Алайда билеті болса да, індеттің кесірінен кіре алған жоқ. Арманына жету үшін ол елде қалып, жеті ай бойы қайта ашылуын күтті. Ақыры билік жігіттің табандылығына таң қалып, Мачу-Пикчуге баруға рұқсат берді.

 

Хабар 24 телеарнасы