428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колорадо штатында екі айдан аса орман өртеніп жатыр

  • 72
  • UPD: 10:41, 17.10.2020
Колорадо штатында екі айдан аса орман өртеніп жатыр

Қазіргі кезде тілсіз жау 70 мыңдай гектар ауданға тарап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – штат тарихындағы ең жойқын орман өрті. Арапахо және Рузвельт ұлттық ормандарының өртенуіне не себеп болғаны әлі күнге дейін белгісіз. Соңғы күндері соққан күшті желдің кесірінен өрт үлкен аумаққа тараған. Тілсіз жаумен жүзден аса өрт сөндіруші арпалысып келеді. Билік апатты аймаққа жақын елді мекендердің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіртті.

Хабар 24 телеарнасы