Париж маңында қаскөй тарих мұғалімінің басын кесіп тастады
- 241
- UPD: 14:14, 17.10.2020

Оқушыларға Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен Париж маңындағы мектеп мұғалімінің басы кесілді, деп хабарлайды Euronews.
Қылмыс жұма күні 16 қазанда Конфлан-Сент-Онорин коммунасында болған. Мұғалімнің денесі мектеп маңында табылған. Оқиға куәгерлері оған шабуыл жасаған адамның «Аллаһ акбар» деп айғайлағанын естіген көрінеді.
Пышақпен қаруланған күдіктіні полицейлер көрші Эраньи қаласынан тапты. Құқық қорғаушылар оны ұстаған қаруын жерге қоюды талап еткенде бас тартқан. Полицейлер оған 10 шақты рет оқ атқан. Француздық БАҚ-тың хабарлауынша, қылмыскер алған жарақаттарынан көз жұмған.