432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ: Коронавирусты емдеуде пайдасы дәлелденген дәрі бар

  • 190
  • UPD: 14:23, 17.10.2020
ДДСҰ: Коронавирусты емдеуде пайдасы дәлелденген дәрі бар

Коронавирустан емдеуге қолданатын бірнеше дәрі бар десек, соның ішіндегі тиімдісі дексаметазон көрінеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус жұқпалы вирусты емдеуде қолданылып жатқан дәрілерге қатысты түсінігін жұптай келе, осындай мәлімдеме жасады. Неден қайран болады деп алаңдаған әлем жұрты осы тұжырымды да көңілге медеу ететін секілді. Ұйым басшысының айтуынша, індеттің бастапқы кезеңінде ремдесивир мен интерферонға үміт артылған. Бірақ бұл дәрілер жұқпалы дертті емдеуде соншалықты тиімді болмаған сыңайлы.

Айта кетейік, дексаметазон 1960 жылдан бастап қолданысқа енгізілген. Ол аутоиммундық ауруларды емдеу үшін пайдаланылады. Бұл дәріні коронавирусқа қарсы алғаш рет биыл көктемде Ұлбыританияда ауыр халдегі адамдарды емдеу үшін қолданған.

Хабар 24 телеарнасы