428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испаниялық дәрігерлер індеттің өршуіне алаңдаулы

  • 57
  • UPD: 15:48, 17.10.2020
Испаниялық дәрігерлер індеттің өршуіне алаңдаулы

Испанияда дәрігерлер вирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты алаңдаушылық білдіріп жатыр, хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар елде көктемгі жағдай қайталанып, ауруханаларда орын жетпей қала ма қауіптенеді. Себебі елде соңғы апталарда індеттің таралуы күшейген. Мысалы, жұма күні вирусты 15 мыңнан аса адам жұқтырып алды. Бірақ билік «ауруханаларға ауыр халде жеткізілгендердің аздығын айтып, жағдай көктемгіге қарағанда жақсы» деп отыр. Жалпы Пиреней түбегінде дертке шалдыққандар саны 935 мыңнан асқан.

Хабар 24 телеарнасы