427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО саммиті Brexit емес, санкция салу мәселесін көбірек қозғады

  • 69
  • UPD: 23:06, 17.10.2020

Брюссельде Еуропалық Одақтың кезекті саммиті өтті. Ұйым елдері басқосуда Ұлыбританиямен келешек сауда келісм-шартын бекітуі керек еді. Бірақ тараптар құжатқа байланысты ортақ шешімге келе алмады. Кездесуде өзге де сыртқы саясат мәселелері мен Еуропадағы коронавирус індеті талқыланды.

Еуроодақтың Брюссельдегі екі күндік саммиті Брекситке арналғанымен кездесуде өзге елдерге санкция мәселесі көбірек қарастырылды. Одақ Сирияда жақында ғана тағайындалған 7 министрді қара тізімге енгізді. Алексей Навальный ісіне қатысты 6 ресейлік шенеунік пен бір ғылыми-зерттеу институтқа да санкция салынды. Ал Түркияның Жерорта теңізінің шығысында геологиялық жұмыстарды қайта бастауына қатысты мәселені желтоқсандағы кездесуде талқылауға келісті.

Шарль Мишель, Еурокеңес төрағасы:

- Біз алдағы желтоқсан айында өтетін саммит барысында Жерорта теңізінің шығысы мен Түркия мәселесін қарауды жоспарлап отырмыз. Оған дейін аймақтағы жағдай жіті қадағаланып, тараптардың әрекеті үнемі бақылауда болады.

Бірақ тараптар Саммиттің басты мәселесі Ұлыбританиямен келешек сауда келісім-шартқа қатысты ортақ келісімге келе алмады. Ұйым елдері келіссөз бойынша ұстанымды өзгертпеуге келісті.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Ұлыбритания да, Еуроодақ та қайткен күнде де келісім-шартқа қол қою керек деген мақсатты ұстанбайды. Бірақ тараптар ортақ шешімге келе алмаса басқа жолды таңдап алу керек. Егер келісім-шарт жасауға негіз болса келіссөзді жалғастыруымыз қажет. Біздің келісім-шартқа қол қойғанымыз дұрыс деп ойлаймын.

Дегенмен, Еуроодақ келісм-шартсыз сценарийге де дайындалу қажет отыр. Алдағы дүйсенбі күні Одақтың бас мәмілегері Мишель Барнье Лондонға тағы сапар шегеді.

Авторлар: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы