428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде Ресейдің тумасы тарих пәні мұғалімінің басын кесіп кетті

  • 172
  • UPD: 17:25, 17.10.2020
Парижде Ресейдің тумасы тарих пәні мұғалімінің басын кесіп кетті

Парижде 47 жастағы тарих пәні мұғалімінің басын кесіп кеткен. Мұнымен қоймай, марқұмның суретін твиттерде жариялаған.

Тергеушілер «мұғалім «Шарли Эбдо» журналындағы Мұхаммед пайғамбарды келемеждеген суретті балаларға көрсеткен болуы керек» дейді. Себебі оқиға әлеуеметтік желіде тез тарап, оқытушыға доң-айбат шегіп, қоқан-лоққы жасаушылар көбейген. Қылмыскер Мәскеуде туып өскен 18 жастағы бозбала екен. Ұстау барысында қылмыскердің жараланғаны анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Эмманюэль Макрон, Франция президенті:

- Мектеп оқушыларына сөз және сенім еркіндігін түсіндірмек болған отандасымыздың бірі қаза тапты. Ол лаңкестік әрекеттің құрбаны болды. Марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Мен барлық мұғалімдерге келешек ұрпағымызды тәрбиелеуде халық оларды әрдайым қорғап, қолдауға дайын екенін жеткізгім келеді.

Хабар 24 телеарнасы