428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та жетпіс жылда алғаш рет әйел адам өлім жазасына кесілді

  • 222
  • UPD: 20:12, 17.10.2020
АҚШ-та жетпіс жылда алғаш рет әйел адам өлім жазасына кесілді

АҚШ билігі 70 жылда алғаш рет әйел адамды өлім жазасына кесті. 

Жалпы бұл 17 жылдық мораторий жойылғаннан кейін АҚШ-тағы тоғызыншы өлім жазасы.

Айыпталушының аты-жөні Лиза Монтгомери. Ол аяғы ауыр әйелді айуандықпен өлтіргені және оның баласын құрсағынан жарып алып, ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.

Тергеу материалына сәйкес, Лиза Монтгомери 2004 жылдың қазанында «күшік сатып аламын» деген сылтаумен 23 жастағы Бобби Джо Стиннеттің үйіне барған. Ол жүкті келіншекті алдымен жіппен қылғындырып өлтірген, кейін ішіндегі баласын пышақпен тіліп алған. Әйел жүктіліктің сегізінші айында болған екен. Кейін әйел сәбиді өзінің баласы қылып көрсетпек болған.

Монтгомеридің адвокаттары оның жалған жүктілікпен ауырғанын айтты. Бұл қатты жүкті болғысы келетін әйелдерде пайда болатын ауыр психикалық ауру. Сонымен қатар айыпталушы әйелдің бала күнінде зорланғаны анықталды. Бұл оның психикасына әсер еткен.

Ал айыптаушы тарап әйелдің қылмысты жоспарлағанын және артынша іздерін жасырмақ болғанын, яғни оның дені сау екенін алға тартты.

Ең жоғарғы үкім 2007 жылдың қазанында Миссури штатының батыс округінің аудандық сотында шығарылды.

Өлім жазасы 2020 жылдың 8 желтоқсанында Индиана штатында инъекция салу арқылы жүзеге асырылады.

Deutsche Welle

Хабар 24 телеарнасы