427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Камбоджада су тасқынынан 24 адам қаза тапты

  • 78
  • UPD: 10:12, 18.10.2020
Камбоджада су тасқынынан 24 адам қаза тапты

Камбоджада нөсер мен су тасқынынан 24 адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апаты елдің 19 провинциясы мен қаласын қамтып, 250 мыңға жуық адам зардап шеккен. Толассыз жауған жаңбырдан 60 мыңнан астам үйді су басып, мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр. Ел астанасы Пномпенді де су басып, 8 мың отбасы эвакуацияланды. Апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ал ауа райын болжаушылар алдағы күндері тағы жауын жауатынын ескертуде.

Айта кетейік, әдетте Камбоджада тамыздан қазан айына дейін жаңбырлы маусым болады. Осы уақыт аралығында су тасқыны жиілеп, жыл сайын елге көп шығын әкеледі.

Хабар 24 телеарнасы