428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда коронавирусты жұқтырғандар бойынша антирекорд орнады

  • 57
  • UPD: 10:12, 18.10.2020

Соңғы бір тәулікте 958 адам детке шалдыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қазан айының бас кезіндегі көрсеткіштен 3 есе артық. Өлім-жітім де көбейген. Эпидемиологиялық ахуал қыркүйек айында курорттардағы індеттің өршуінен басталған. Қазір Аджария аймағы мен Тбилиси қаласы індеттің екі басты ошағына айналған. Бірақ билік жаппай карантин енгізбей, аймақтық деңгейде шектеулерді қатаңдатып әрекет етіп жатыр. Мысалы, Батумиде қоғамдық көлік тоқтатылды. Тбилисиде бірнеше мектеп пен 20 балабақша жабылды.

Айта кетейік, Грузияда індет басталғалы коронавирусты 13 мың 500-ден аса адам жұқтырып, олардың 7 мыңнан астамы жазылып шыққан. Кеселден 128 қайтыс болды.

Георгий Гахария, Грузия премьер-министрі:

– Алдағы күндері елде вирусты жұқтырғандардың тәуліктік көрсеткіші 1 мыңнан асып кетуі мүмкін. Дертпен қатаң шектеулер арқылы күресуден басқа амал жоқ. Басты стратегия – індет өршіген аймақтарда нақты шаралар енгізіп, әрекет ету. Бұл өз жемісін береді деп сенеміз.

Хабар 24 телеарнасы