Ол бүгіннен бастап күшіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрліктерінің хабарлауынша, шешім Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобына кіретін елдердің қазанның 1-і күнгі мәлімдемесіне сүйеніп қабылданған. Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Әзербайжан және армениялық әріптестерімен телефон арқылы сөйлескен еді. Тараптар қазанның 10-ы күні Мәскеуде қол жеткізілген Карабахтағы атысты тоқтату туралы келісімнің маңыздылығын атап өткен.
Еске сала кетейік, қазанның 27-сі күні Таулы Карабахта әскери қимылдар басталып, аймақтағы жағдай шиеленісіп кеткен.