428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістан кеденшілері 74 сұңқарды елден заңсыз жолмен алып кетпек болған топты ұстады

  • 75
Пәкістан кеденшілері 74 сұңқарды елден заңсыз жолмен алып кетпек болған топты ұстады

Кеденшілер құстарды Карачи қаласындағы үйлердің бірін тінту кезінде кездестірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сұңқарлар Ауғанстанда ұсталып, араб елдеріне қарай жөнелтілмек болған. Мамандардың айтуынша, тәркіленген 74 сұңқардың жалпы құны 1 миллион 200 мың доллардан асады. Олар жер бетінен жойылып бара жатқан құстардың қатарына жатады. Жергілікті билік іске қатысты тергеу аяқталған соң сұңқарларды өзінің табиғи ортасына жіберілетінен айтады.

Хабар 24 телеарнасы