428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хорватия полициясы парламент алдында болған атысқа байланысты бейнежазба жариялады

  • 67
  • UPD: 14:59, 18.10.2020
Хорватия полициясы парламент алдында болған атысқа байланысты бейнежазба жариялады

Хорватия полициясы өткен дүйсенбі күні ел парламенті алдында болған атысқа байланысты бейнежазба жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Загреб қаласының орталығында болған еді. Бір ер адам қолындағы қарумен 3 полицейге оқ атып, бір тәртіп сақшысын жаралайды. Содан кейін оқиға орнынан ізін суытады. Полиция көп ұзамай қылмыскердің өлі денесін тауып алады. Оның мұндай қадамға неге барғаны әлі белгісіз. Ал жақында белгісіз біреулер Хорватия премьер-министріне ақ ұнтақ салынған конверт жіберген. Қазір тергеу екі оқиғаның арасында байланыстың бар жоғын тексеріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы