Осы елдің орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, додада лейбористік партия сайлаушылардың 49,1 процент дауысына ие болған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Яғни билеуші партия 120 орындықты бір палаталы парламенттің 64-ін жеңіп алған. Сайлаушылардың 26,8 процент дауыс жинаған жаңа партия 35 мандатты иеленеді. Бұдан бөлек Жасылдар, Маори партиялары өткен. Ал жергілікті заңға сәйкес парламенттік мандаттың жартысанан көбін иеленген партия жекедара үкімет құра алады. Лейбористік партия башысы қазіргі ел премьер-министрі Джасинда Ардерн жаңа кабинетті алдағы үш аптада жасақтап бітіретінін мәлімдеді.