427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде үкімет басшысына қарсы наразылық шеруі өтті

  • 84
  • UPD: 18:14, 18.10.2020
Израильде үкімет басшысына қарсы наразылық шеруі өтті

Израильде үкімет басшысына қарсы тағы шеру өтті, хабарлайды «Хабар 24».

Билік елде 4 аптаға созылған карантин аяқталғанын хабарлағаны сол еді, жүздеген адам премьер-министр резиденциясының алдына жиналды.

Шерушілер «Биньямин Нетаньяху коронавиустың екінші толқынын тоқтату үшін дер кезінде қимылдамады» деп айыптап жатыр. Және сыбайлас жемқорлыққа барды деп отыр. Ал үкімет басшысы екінші карантин нәтижелі болғанын алға тартады. Себебі елде вирус жұқтыру дерегі төмендеген. Израильде індет таралғалы 300 мыңнан астам адам дертке шалдығып, 2 мыңнан аса науқас қайтыс болған.

Хабар 24 телеарнасы