428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда полиция мектеп мұғалімінің өліміне қатысты 11 адамды ұстады

  • 77
  • UPD: 21:15, 18.10.2020
Францияда полиция мектеп мұғалімінің өліміне қатысты 11 адамды ұстады фото: РИА Новости

Қамауға алынғандардың арасында қылмыскердің ата-анасы мен атасы және бауыры бар, хабарлайды «Хабар 24».

Өткен жұма күні Парижде 47 жастағы тарих пәні мұғалімінің басы кесіліп, марқұмның суреті «Твиттерде» жарияланған еді. Тергеушілер қылмыскер мұғалімді «Шарли Эбдо» журналындағы Мұхаммед пайғамбарды келемеждеген суретті балаларға көрсеткені үшін өлтірген деп отыр. Себебі, оқиға әлеуметтік желіде тез тараған. Салдарынан оқытушыға қоқан-лоқы жасайтындар көбейген. Кейін айуандық істі Мәскеуде туып өскен Абдулак Анзор есімді 18 жастағы жеткіншек жасағаны белгілі болды. Ол ұстау барысында қаза тапты.

Хабар 24 телеарнасы