Боливияда президенттік және парламенттік сайлаулар аяқталды.
Саяси шара барлығы 5134 сайлау учаскесінде ұйымдастырылып, Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 03:00-де аяқталды.
Боливиялықтар президенттен бөлек елдегі парламент, яғни Көп ұлтты заң шығару ассамблеясына 130 депутат пен 36 сенаторды сайлады.
Ал президент болуға бес адам үміткер таласуда. Негізгі бақталастық елдің бұрынғы экономика министрі Луис Арсе мен Карлос Меса арасында болмақ.
Айта кету керек, Луис Арсе Боливияның экс-президенті Эво Моралестің жақтасы. Карлос Меса осы елдің экс-президенті. Бұл кандидат Боливияны 2003-2005 жылдар аралығында басқарған.
Аударған: Г.Абилова