Австралияда коронавирус індетінің ошағы саналған Виктория штатында шектеу шаралары біртіндеп жеңілдетіле бастады.
Штат орталығы Мельбурн қаласының тұрғындары 3 айдай қатаң шектеулерді орындап, үйден 2 сағаттан артық шықпау керек болған. Бүгіннен бастап бұл тыйым алынды. Бірақ адамдар үйден 25 шақырымнан алыс кетпеуі тиіс. Дегенмен билік мейрамхана мен дәмханаларды ашуды тағы 2 аптаға кейінге қалдырды. Австралияда коронавирусты жұқтырғандардың басым бөлігі осы Виктория штатында тіркелген. Жалпы елде індет таралғалы вирусты 27 мыңнан аса адам жұқтырған.