428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда ғашық жандарға 400 еуро айыппұл салынды

  • 52
  • UPD: 11:33, 19.10.2020

Италияда кейінгі тәулікте коронавирусты жұқтырудың 11705 жаңа дерегі расталды. Бұл эпидемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Сол себепті билік шектеу шараларын күшейтті. Енді барлар кешкі алтындан кейін жұмыс істемейді. Мейрамханада әр орындықта 6 кісіден артық отыруға болмайды. Көшеде жәрмеңкелер өткізуге тыйым салынды. Ал премьер-министр қала басшыларына сол өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға қарай өз бетінше коменданттық сағат жариялауға рұқсат берілетінін айтты. Осы Италиядағы Милан қаласының полициясы сөзден іске көшіп, қоғамдық орында маскасын шешіп сүйіскені үшін ғашықтарға 400 еуро айыппұл салды. Бұл теңгеге шаққанда 200 мың теңгеден асады.

Швейцарияда коронавирусты жұқтырғандар санының артуына байланысты шектеу шаралары күшейтілді. Енді дүкенде, әуежай, мейрамхана, мұражай, шіркеу мен қонақ үйде маскасыз жүруге болмайды. Тіпті спорттық залдың киінетін бөлмесінің өзінде де бептерде тағу міндетті. Сонымен қоса қоғамдық орында 15 адамнан артық жиналуға болмайды.  

Ален Берсе, Швейцария денсаулық сақтау министрі:

- Соңғы 10 күнде эпидемиологиялық ахуал күрт өзгеріп, коронавирус жұқтырғандар саны артып шыға келді. Мысалы, өткен жұмада бір тәулікте 3 мыңнан аса дерек тіркеліп, диагноз расталды. Егер қауіпсіздікті сақтап, қамданбасақ, жағдай мүшкіл тартады. Мамандар науқастар саны екі есеге дейін артуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы