429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда автобус көшкін астында қалып, жолаушылары қаза болды

  • 73
  • UPD: 09:30, 19.10.2020
Пәкістанда автобус көшкін астында қалып, жолаушылары қаза болды

Пәкістанның солтүстігіндегі Гилгит-Балтистан аймағының Скарду ауданында жолаушылар автобусы көшкін астында қалды.

Автобустағы он алты адамның барлығы қаза тапты. Бұл туралы Синьхуа хабарлады.

Скарду округы комиссарының орынбасары Анас Икбал жолаушылардың барлығы жергілікті тұрғындар екенін айтты. Олар үйлеріне қайтып бара жатқан. Барлығының мәйіттері табылды.

Қайғылы оқиға шалғай ауданда болған. Қазіргі уақытта жолды тазарту және көлік қозғалысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы