425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та бюджет тапшылығы рекордты деңгейге жетті

  • 148
  • UPD: 11:27, 19.10.2020

Коронавирус АҚШ экономикасына кері әсер етті. КОВИД-19 салдарынан ел тарихында алғаш рет бюджет тапшылығы 3 триллион доллардан асып кеткен.

Өйткені қазынадан көп ақша шағын бизнеске несие беруге жұмсалған. Сондай-ақ билік жұмыссыздық бойынша өтемақы төлеген. Бұл аздай ірі қалалардағы локдаун кесірінен бюджетке түсетін салық мөлшері де азайған. Негізі соңғы рет мұнда 2009 қаржы жылы антирекорд орнаған еді. Ол кезде бюджет тапшылығы 1 жарым триллион долларға жуықтаған.

Хабар 24 телеарнасы