423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та вирус өршіп тұр

  • 169
  • UPD: 11:44, 19.10.2020
АҚШ-та вирус өршіп тұр

АҚШ-тың 44 штатында COVID-19 вирусы өршіп тұр. Өткен аптада 9 бірдей штатта шілде айынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш тіркелді.

Бір тәуліктің ішінде 70 мыңнан астам американдық індетті жұқтырып, 40 мыңға жуығы ауруханаға жеткізілді. Вирус жаз айларындағыдай тек мегаполистерде емес, алыс шалғайдағы елді мекендер мен ауылды аймақтарға жеткен. Ал адам өлімі бойынша Калифорния, Флорида және Техас штаттары алда келеді.

Өкініштісі сол, вирустың қарқынды таралуы жақында ғана ашыла бастаған шағын және орта бизнестің жұмыскерлеріне тікелей әсер етеді. Қазірдің өзінде жұмыстан шығып, абдырап қалған миллиондаған америкалықтардың жағдайы нашарлай бермек дейді мамандар. Осы орайда АҚШ Конгресі Өкілдер Палатасының Спикері Нэнси Пелоси Президент Әкімшілігімен біріге отырып, ортақ келісімге келіп, 48 сағаттың ішінде бірнеше миллиардты құрайтын экономикалық ынталандыру пакетін тез арада қабылдау керектігін талап етті. 

Нэнси Пелоси, АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері:

- Дәл қазір біздің көзқарас Президент Әкімшілігімен сәйкес келмейді. Анығында, келісе алмай отырмыз. Эономикалық ынталандыру заңнамасын тез арада, сайлауға дейін қабылдауымыз қажет. Халық қиналып жатыр. Қазіргі мәселені штаттық емес, Федералды деңгейде талқылау керек. Жағдайды көріп отырмыз ғой. Кімдердің қауіпті вирусты көбірек жұқтырып жатқанын да байқауға жүрміз.

Айта кету керек, ковид вирусының өршіп тұрғанына қарамастан АҚШ-тың 38 штатында штат губернаторлары мен құзырлы органдары тұрғындардың жүріп тұруын қадағалайтын ережелер енгізбей отыр.

Хабар 24 телеарнасы