423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде карантин жеңілдетілді

  • 129
  • UPD: 11:54, 19.10.2020
Израильде карантин жеңілдетілді

Израильде 1 ай бұрын енгізілген карантин алынып, шектеулер жеңілдетіліп жатыр. Адамдарға жабық ғимараттарда 10 адамға дейін, ал көшеде 20 кісіге дейін жиналуға рұқсат етілді.

Саябақтар мен жағажайлар ашылып, мейрамханалар тамақты өзімен бірге алып кету бойынша қызмет көрсетуге кірісті. Балабақшалар мен 6 жасқа дейінгі бастауыш мектептер де қайта ашылды.

Еске сала кетейік, Израильде індет басталғалы вирусты 300 мыңнан аса адам жұқтырып, 2 мыңнан астам науқас қайтыс болған.

Хабар 24 телеарнасы