423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда лаңкестің қолынан қаза тапқан мұғалімді еске алды

  • 150
  • UPD: 14:26, 19.10.2020
Францияда лаңкестің қолынан қаза тапқан мұғалімді еске алды

Францияның бірнеше қаласында лаңкес қолынан қаза тапқан мұғалімді еске алу шарасы өтті. Елдегі эпидемиологиялық ахуалға қарамастан, билік көп кісіге жиылуға тыйым салмады. Нәтижесінде іс-шараға мыңдаған адам қатысқан.

Еске сала кетейік, 16 қазанда Париждің жанындағы Конфлан-Сент-Онорин қаласында мұғалімге шабуыл жасалып, қаскөй оның басын кесіп кеткен. Тергеушілер ол мұғалімді «Шарли Эбдо» журналындағы Мұхамед пайғамбарды келемеждеген суретті балаларға көрсеткені үшін өлтірген болуы мүмкін деп отыр. Қаскөйдің өзі тұтқындау кезінде көз жұмды. Президент шабуылды лаңкестік әрекет деп танып, бұл іске қатысты 11 адам қамауға алынды. Ал Франция ішкі істер министрі лаңкестік ұйымдармен қатысы болуы мүмкін деген күдікпен елден 200-ден аса адамды экстрадициялауды талап етті.

Клер Ламбош, мұғалім:

- 5 жыл бұрын Шарли ЭбдО басылымындағы лаңкестіктен кейін басымызға қауіп төніп тұрғанын жақсы білдік. Өйткені біз оқушыларды сөз бостандығына үйретеміз. Кейде оны карикатура арқылы беруге болады. Дегенмен, бойымызда үрей жоқ. Мұның бәрі жұмысымызға кедергі болмайды. Біз ертең де, арғы күні де оқушыларымыз үшін мектепке барамыз.

Хабар 24 телеарнасы