423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вьетнамда көшкін салдарынан ішінде адамдары бар ғимарат құлады

  • 99
Вьетнамда көшкін салдарынан ішінде адамдары бар ғимарат құлады vietnam.vnanet.vn

Құтқарушылар бірнеше денені тауып үлгерген.

Қалған хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіру жалғастыруда.

«Орталық Вьетнамда көшкін әскери казармаларға толып, нәтижесінде 22 әскери қызметші жер астында қалды», деп хабарлайды Синьхуа. Вьетнамның орталық бөлігіндегі Куангчи провинциясының таулы аймағында нөсер жаңбырдың салдарынан топырақ жылжыды. Нәтижесінде 22 әскери қызметші хабар-ошарсыз кетті.

БАҚ 14 адамның денесі табылғанын хабарлайды. Қалған із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жалғасуда.

Вьетнамның табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық үйлестіру комитеті: «6 қазаннан бастап Вьетнамның орталық бөлігіндегі нөсер, су тасқыны және көшкін 60-тан астам адамның өмірін қиды», – деп мәлімдеді.

Сонымен қатар елдің солтүстігінде екі адам тайфунның құрбаны болды.

Хабар 24 телеарнасы