423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресей вирус жұқтыру жөнінен антирейтингке ілікті

  • 197
  • UPD: 16:04, 19.10.2020

Әлемде коронавирусты жұқтыру деректерінің саны 40 миллиондық межеге жуықтады. Олардың жартысынан астамы 3 мемлекетте, яғни АҚШ, Үндістан мен Бразилияда тіркелген.

Антирейтингтің алғашқы ондығына сондай-ақ Ресей, Аргентина, Испания, Колумбия, Франция, Перу мен Мексика кіреді. Бұл тізімдегі он мемлекеттің тең жарымы Латын Америкасында орналасқан. Ол өңірден бөлек індет қазір Еуропада да өршіп тұр. Өткен аптада Кәрі құрлықтағы бірнеше елде КОВИД-19 бойынша антирекорд орнап, шектеу шаралары қайтадан күшейтіліп жатыр. 

Кристина Сеттембрез, медбике:

- Бірнеше ай бұрын қаншама адамның көз жұмғанын өз көзіммен көрдім. Жағдай біраз уақытқа тұрақталып қалып еді. Алайда қазір қайтадан науқастар көбейді. Көбі жан сақтау бөлімінде жатыр. Мұны көру оңай емес. Өзіңді соғыста жүргендей сезінесің. Мен тамызда теңізге барып, бір апта демалып қайтқан едім. Алайда деректер санының артуына байланысты мені осында қайта шақыртып алды. Коронавирус жоқ, ол өтірік дейтіндерге қызығамын. Олар расымен індеттің қаншалықты ауыр өтетін көрмеген боп тұр ғой. Ал мен болсам, әлі күнге дейін тыныш ұйықтай алмаймын.

Хабар 24 телеарнасы