423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай экономикасы биылғы жылдың үш тоқсанында 0,7% өскен

  • 163
  • UPD: 20:56, 19.10.2020
Қытай экономикасы биылғы жылдың үш тоқсанында 0,7% өскен

Бұл ақпаратты осы елдің мемлекеттік статистикалық бюросы жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал үшінші тоқсанда былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда елдің жалпы ішкі өнімі 4,9% артқан. Негізгі экономикалық көрсеткіштерге қарағанда, әсіресе тұтыну, өнеркәсіптік өндіріс және инвестиция салалары жақсы дамып келеді.

Еске салып кетсек, Қытай экономикасы бірінші тоқсанда 6,8% қысқарған болатын.

Айта кетер жайт, бұл – 1976 жылдан бері алғаш рет болған жағдай. Коронавирус пандемиясына байланысты Қытай үкіметі биыл жалпы ішкі өнім бойынша жоспарлы көрсеткіштерді бекітпеген еді. 

Хабар 24 телеарнасы