425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Норвегияда коронавирустың жаңа мутациясы анықталды

  • 138
  • UPD: 17:30, 19.10.2020
Норвегияда коронавирустың жаңа мутациясы анықталды

Норвегияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутациясы табылды.

Бұл туралы Verdens Gang газетіне Тронхейм муниципалитетінің бас дәрігері Туве Ресстад хабарлады.

16-18 қазан аралығында Тронхейм қаласында сегіз жергілікті тұрғыннан вирустың жаңа түрі анықталды.

«Алдын ала болжам бойынша, бұл – вирустың Денсаулық сақтау министрлігі Норвегияда бұрын кездестірмеген жаңа нұсқасы», - деді Ресстад.

Ол вирус мутациясының жаңа қасиеттері әлі белгісіз екенін айтып өтті.

Алайда, оның айтуынша, Тронхеймде коронавирус тез жұғатын болған.

Хабар 24 телеарнасы