424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чехияда шектеу шараларына қарсы шеру қақтығысқа ұласты

  • 122
Чехияда шектеу шараларына қарсы шеру қақтығысқа ұласты

Прагада коронавирустық шектеулерге қарсы шеру өтіп, оның соңы полициямен қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті тәртіп сақшылары елдегі шектеу шараларына байланысты топ болып жиналу тыйымын бұзғандарды тарату үшін бұрышты газ баллондарын шашып, су атқыштар қолданды. Анықталғандай, Старомест алаңында өткен акцияға жүздеген футбол мен хоккей жанкүйері қатысқан.

Айта кетейік, қазір елде коронавирус өршіп тұр. Індеттің кеңінен етек жайғаны соншалық, Чехия инфекцияға шалдығу деңгейі жағынан Еуропа бойынша алда келеді. Тек қазанның өзінде елде 100 мыңдай кісі вирус жұқтырып, 1 мыңнан астам азамат көз жұмған. Осыған байланысты Чехияда кафе-барлар жұмыс істемейді. Театр мен спорттық нысандар да қызметін тоқтатты. Ал мектептер қашықтан оқу режиміне көшкен.

Хабар 24 телеарнасы