425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда коронавирусқа байланысты екі қала жабылды

  • 152
  • UPD: 23:23, 19.10.2020

Испанияның Бургос және Аранда-де-Дуэро қалалары коронавирус жұқтыру деректерінің артуына байланысты жабылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады. 175 мың адам тұратын Бургоста жаңа тәртіп 21 қазаннан бастап күшіне еніп, 14 күнге созылады. Осы уақыт аралығында себепсіз қаладан шығуға немесе оған кіруге тыйым салынады. Дүкендерге, мейрамханалар мен барларға және басқа да қоғамдық орындарға барудың жаңа ережесі енгізіледі. Бургос мэрінің айтуынша, соңғы күндері өңірде вирустың таралу қарқыны күшейе түскен. 14 күнде инфекцияға шалдығу деңгейі 100 мың адамға шаққанда 500-ден асып кеткен. 32 мың тұрғыны бар Аранда-де-Дуэрода да осындай жағдай. Аталған өңірде екінші рет оқшаулану режимі енгізіліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы