423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда мектептер қайта ашылды

  • 140
  • UPD: 08:25, 20.10.2020
Үндістанда мектептер қайта ашылды

Үндістанда коронавирус жұқтыру деректері күн сайын артып жатқанына қарамастан, елдің Уттар-Прадеш, Пунджаб және Сикким штаттарында мектептер қайта ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы бұған дейін ел үкіметі мектептер мен колледждерді қайта ашуға қатысты қаулы шығарған еді. Оған сәйкес білім беру мекемелері қазанның 15-інен бастап 50%-тен аспайтын толығумен жұмыс істей алады. Ал сақтық мақсатында оқу орнына кіреберісте әр баланың дене қызуы тексеріліп, ғимаратта дезинфекция жүргізіліп тұруы тиіс.

Айта кетейік, бүгінде Үндістанда індет кеңінен етек жайған. Соңғы тәуліктің өзінде елде 55 мыңнан астам адамнан қауіпті инфекция табылған. Ал олардың жалпы саны қазір 7,5 миллионнан асады.

 

Хабар 24 телеарнасы