422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Антальяда дүлей дауылдан бір адам көз жұмды

  • 137
  • UPD: 08:38, 20.10.2020
Антальяда дүлей дауылдан бір адам көз жұмды

Түркияның туристік қаласы Антальяда дүлей дауыл соғып, әп-сәтте қаланың астан-кестеңін шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Желдің екпіні күшті болғаны сонша, ағаштар құлап, ғимараттардың шатырын жұлып әкеткен. Бұдан бөлек, бір мешіттің мұнарасы құлаған. Толассыз жаңбырдан көшелерді су басқан. Ауа райының қолайсыздығынан бір адамның қаза тапқаны белгілі болды. Оны жел ұшырып әкеткен аялдама басып қалған.

Хабар 24 телеарнасы