423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай шахтасында жарылыс болып, төрт адам қаза тапты

  • 116
  • UPD: 10:07, 20.10.2020
Қытай шахтасында жарылыс болып, төрт адам қаза тапты

Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясындағы көмір шахтасында жарылыс болды.

Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, бір адам жарақат алды, деп хабарлады Xinhua агенттігі.

Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға Lu'an Group компаниясына тиесілі нысанның аумағында жергілікті уақытпен 2:00-де болған.

Аймақ билігі жарылысқа газдың шығуы себеп болғанын хабарлады. Шахтада құтқару жұмыстары аяқталды, зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның себептері мен жағдайларын тергеу жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы