425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемнің тағы екі елінде коронавирусты жұқтырғандар саны миллионнан асты

  • 183
  • UPD: 10:23, 20.10.2020
Әлемнің тағы екі елінде коронавирусты жұқтырғандар саны миллионнан асты

Әлемнің тағы екі елінде коронавирусты жұқтыру деректерінің саны бір миллиондық межеден асып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірі – Еуропадағы Испания болса, екіншісі – Латын Америкасындағы Аргентина. Бұған дейін миллиондық межеден тағы төрт мемлекет асқан болатын. Олар – АҚШ, Үндістан, Бразилия мен Ресей. Негізі Аргентинада наурыздың аяғында қатаң карантин енгізген болатын. Бұл індеттің тарауын бәсеңдеткен. Алайда шектеу шараларының жеңілдетілуі салдарынан ауру қайта өрши түскен. Әсіресе, соңғы айда деректер саны күрт артқан. Індеттің өршуіне байланысты қазір жансақтау бөліміндегі орындардың 65%-і бос емес.

Синтия Хименес, дәрігер:

- Иә, ауруханаға түсіп жатқан науқастар саны өте көп. Адамдардың қиналып жатқанын көру оңай емес. Бәрі тезірек бітсе екен. Науқастарға да қиын, дәрігерлер де шаршады.

Хабар 24 телеарнасы