425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

NASA мен Nokia Айда 4G желісін іске қоспақ

  • 154
  • UPD: 11:27, 20.10.2020
NASA мен Nokia Айда 4G желісін іске қоспақ

NASA ғарыш агенттігі Айда 4G сымсыз байланыс жүйелерін орнату үшін Nokia компаниясымен бірге жұмыс істейтін болды, деп хабарлады «Хабар 24».

Жоба 2022 жылы жүзеге асырылмақ. Оған 14 млн доллар бөлінеді. NASA мамандарының айтуынша, Ай бетіндегі 4G байланысы Жерде ақпараттың жоғары жылдамдықпен таралуын қамтамасыз етіп, Айдағы ұшу аппараттарын қашықтан басқаруға мүмкіндік береді. 

Айта кетейік, NASA 2028-ші жылға қарай Айда база салуды жоспарлап отыр. Оған 370 миллион доллар бөлінбек.

Хабар 24 телеарнасы