425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда су тасқыны салдарынан 60 адам көз жұмды

  • 172
  • UPD: 12:54, 20.10.2020
Үндістанда су тасқыны салдарынан 60 адам көз жұмды

Үндістанның батыс және оңтүстік өңірлерінде нөсер басылмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 60 адам көз жұмды. Негізі мұнда жауын-шашын маусымы әдетте қыркүйекте аяқталатын. Алайда бұл жолы жағдай өзгеше. Өңірдегі мақта, соя мен күріш алқапатарын су басқан. Тасқынннан Азиядағы Вьетнам мен Камбоджа халқы да зардап шегіп отыр. Қос мемлекетте соңғы екі аптада топан су мен лай көшкіні салдарынан 115 адам көз жұмды.

Блиц:

- Біздің өңірде 2 мыңнан аса үйді су басты. Алайда әлі күнге дейін ешкім келіп көмектескен жоқ. Ішер су мен жейтін асымыз таусылды. Азық-түлік тапшылығын сезіндік.

Азия елдері тасқын зардабын тартып отырса, Аляска халқы зілзала салдарынан қорқып отыр. Мұнда 7,5 балдық жер сілкінісі болған. Артынша сейсмологтар цунамидің пайда болу қаупі барын ескертті. Абырой болғанда, құрбандар мен жапа шеккендер жайлы мәлімет жоқ.

Хабар 24 телеарнасы