424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Конго Республикасында 900-ден астам қылмыскер мен террорист түрмеден қашып кетті

  • 130
  • UPD: 14:19, 20.10.2020
Конго Республикасында 900-ден астам қылмыскер мен террорист түрмеден қашып кетті

Конго Демократиялық Республикасының Бени қаласындағы орталық түрмеден 900-ден астам тұтқын қашып кетті.

Олардың арасында қауіпті қылмыскерлер мен террористер де бар.

«Демократиялық күштер альянсы» лаңкестік тобының содырлары Кангбайи түрмесіне және оның жанында орналасқан әскери лагерьге бір уақытта шабуыл жасады. Шабуылдаушылар барлық камераны ашып, тұрқындарды босатып жіберген», - деп хабарлады Бени мэрінің міндетін атқарушы Модест Бакванамаха.

Оның айтуынша, түрмеде отырған 1000-нан астам сотталушының тек 110-ы ғана қашудан бас тартып, сол жерде қалған.

Хабар 24 телеарнасы